Қазақстан президенті ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылық жүргізуді ұсынды. Заң жобасы негізінен әлеуметтік жағынан аз қорғалған азаматтар тобын, жасөспірімдерді, аяғы ауыр әйелдерді, жасөспірім балалары бар әйелдерді, қарт адамдарды, мүгедектерді, сондай-ақ ауыр емес қылмыстық құқықбұзушылықтар жасаған азаматтарды қылмыстық жазадан босатуды қарастырады.