Қоғам

Қазақстан президенті рақымшылық жүргізуді ұсынды

© Sputnik / Андрей СтенинТұтқын
Тұтқын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев бастамасымен жасалған заңнамаға сәйкес ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылық жасаған әлеуметтік жағынан аз қорғалған азаматтарға рақымшылық берілуі мүмкін.

АСТАНА, 29 қар — Sputnik. Мемлекет басшысы Конституцияның 61-бабы 1-пунктінде көрсетілген заң шығару инициативасына сәйкес Парламент мәжілісіне "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық туралы" Заң жобасын ұсынды деп хабарлайды ресми БАҚ.

Рақымшылық гуманизм акті, мемлекеттердің заңды бұзған азаматтарға сенім білдіріп, қайырымдылық көрсетуі болып табылады.

Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жасалған заң жобасы негізінен әлеуметтік жағынан аз қорғалған азаматтар тобын, жасөспірімдерді, аяғы ауыр әйелдерді, жасөспірім балалары бар әйелдерді, қарт адамдарды, мүгедектерді, сондай-ақ ауыр емес қылмыстық құқықбұзушылықтар жасаған азаматтарды қылмыстық жазадан босатуды қарастырады.

Заң жобасы аса ауыр қылмыс жасаған азаматтарға рақымшылық беруге тыйым салады.

Заң жобасын Парламент палаталарында ұсыну бас прокурор Асанов Ж. Қ. тапсырылды. 

Жаңалықтар
0