https://sputnik.kz/20221107/raqymshylyqtan-keyin-5-adamnyn-qylmystyq-isi-toqtatyldy-29113701.html
Рақымшылықтан кейін 5 адамның қылмыстық ісі тоқтатылды
Рақымшылықтан кейін 5 адамның қылмыстық ісі тоқтатылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Рақымшылық жарияланғаннан кейін қаңтар оқиғасына қатысқан 5 адамды қылмыстық қудалау тоқтатылды. Бұл туралы Бас прокуратура... 07.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-07T15:13+0500
2022-11-07T15:13+0500
2022-11-07T15:13+0500
рақымшылық: бола ма, жоқ па
https://sputnik.kz/img/304/33/3043344_0:0:5472:3078_1920x0_80_0_0_9e0b40a6e0acf386bff71ae9687604bf.jpg
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Рақымшылық жарияланғаннан кейін қаңтар оқиғасына қатысқан 5 адамды қылмыстық қудалау тоқтатылды. Бұл туралы Бас прокуратура қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Алдын ала мәліметтерге сәйкес, рақымшылыққа шамамен 1,5 мыңға жуық адам ілігеді."Бүгінгі күні жазаны орындайтын органдар соттарға 878 сотталғанға қатысты мерзімді қысқарту және жазадан босату туралы ұсыныстар жолдады. Тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында орташа дәрежелі қылмысты жасағаны үшін 5 күдіктіге қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатты. Басқа адамдар ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған. Оларға рақымшылық сот арқылы қолданылады", - деді Қилымжанов брифингте.Айтуынша, ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандардың жаза мерзімі қайта қаралады.Бас прокуратура өз тарапынан жергілікті прокурорларға рақымшылық жасау туралы заңның нормаларын біркелкі қолдануды және заңдылықты қатаң сақтауды тапсырды.Еске салсақ, 2 қарашада президент қаңтар оқиғасына қатысқандарға рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды.
https://sputnik.kz/20221103/bas-prokurordyn-orynbasary-raqymshylyq-29001033.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/304/33/3043344_338:0:5202:3648_1920x0_80_0_0_95dc4b809abb31dd5d1166c3dd080954.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
рақымшылық: бола ма, жоқ па
рақымшылық: бола ма, жоқ па
Рақымшылықтан кейін 5 адамның қылмыстық ісі тоқтатылды
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Рақымшылық жарияланғаннан кейін қаңтар оқиғасына қатысқан 5 адамды қылмыстық қудалау тоқтатылды. Бұл туралы Бас прокуратура қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, рақымшылыққа шамамен 1,5 мыңға жуық адам ілігеді.
"Бүгінгі күні жазаны орындайтын органдар соттарға 878 сотталғанға қатысты мерзімді қысқарту және жазадан босату туралы ұсыныстар жолдады. Тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында орташа дәрежелі қылмысты жасағаны үшін 5 күдіктіге қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатты. Басқа адамдар ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған. Оларға рақымшылық сот арқылы қолданылады", - деді Қилымжанов брифингте.
Айтуынша, ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандардың жаза мерзімі қайта қаралады.
Бас прокуратура өз тарапынан жергілікті прокурорларға рақымшылық жасау туралы заңның нормаларын біркелкі қолдануды және заңдылықты қатаң сақтауды тапсырды.
Еске салсақ, 2 қарашада президент қаңтар оқиғасына қатысқандарға рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды.