Қоғам

Сейітқазы Матаевқа рақымшылық берілуі мүмкін, бірақ ол оған үміт артпайды

© SputnikСейітқазы Матаев
Сейітқазы Матаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сейітқазы Матаевтың адвокатының сөзіне сүйенсек, рақымшылық аясында жаза мерзімін қысқартуы мүмкін.

АСТАНА, 5 жел – Sputnik. Қазақстан тілшілер одағының басшысы Сейітқазы Матаевқа рақымшылық берілуі мүмкін, бірақ ол оған үміт артпайды, өйткені адам құқығы жөніндегі халықаралық сотқа жүгінуге дайын деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі адвокат Мадина Бакиеваға сілтеме жасап.

"Рақымшылық мәтіні заңды күшіне енбей тұрып, бірдеңе айту қиын, өйткені парламентте түзетулер жасалуы мүмкін. Жоба туралы айтар болсақ, Сейітқазы Бейсенғазыұлының жаза мерзімі қысқартылуы ықтимал", — деді адвокат Мадина Бакиева соттың апелляциялық коллегиясы отырысының алдында.

Сейтқазы Матаев пен оның ұлының отбасымен қоштасу сәті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Вашингтон Астананың тәуелсіз БАҚ-тарға ықпал ету шараларына алаңдаушылық білдіреді

Алайда оның сөзіне жүгінсек, Сейітқазы Матаев рақымшылыққа үміт артып отырған жоқ. Ол Қазақстанда бүкіл инстанциялардан өтіп, халықаралық деңгейге шығып – адам құқығы жөніндегі сотқа жүгінбекші.

Сот отырысы барысында Матаевтың адвокаттары Мадина Бакиева мен Андрей Петров 20 өтініш білдіріп, оның ішінде соттың бірінші инстанциясы жіберіп алған тұстарды толықтыру үшін сот тергеу жұмысын қайта бастауды сұрады.

Жәбірленуші тараптың өкілдері мен прокурорлар бұл өтініштермен келіспейтіндіктерін мәлімдеп, осы іс бойынша сот тергеуін жүргізудің қажеті жоқ екендігін айтты. Сот апелляциялық коллегиясының судьясы Алма Есімова отырыс барысында бұл мәселе бойынша сот шешімі дүйсенбі күні сағат 16:00-де шығарылатындығын хабарлады. 

Жаңалықтар
0