АСТАНА, 6 қаз — Sputnik, АҚШ Қазақстанда тәуелсіз БАҚ-тарға қатысты қолданылатын ықпал ету шараларына, сонымен қатар республикадағы сөз бостандығына тигізетін салдарына алаңдаушылық білдіреді. Атап айтқанда, оны Сейтқазы Матаев пен оның ұлы Әсет Матаевқа шығарылған үкім көрсетті, делінген Қазақстандағы АҚШ елшілігі баспасөз-атташесі Рэн Эльхайдың мәлімдемесінде.
Сейтқазы Матаев пен оның ұлы Әсет алты және бес жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Сонымен қатар оларға алаяқтық пен салық төлемегендері үшін 1,5 миллион АҚШ долларына айыппұл салынды. Олардың мүлкі тәркіленді.
"Оларға шығарылған үкім мен оның алдындағы сот тыңдаулары осы істі тергегенде заңда қарастырылған процедуралардың сақталуына және соттың объективтілігіне қатысты үлкен мәселелерді көтеріп кетті", — деп атап өтті Элхай.
"Онымен жұмыс жасағандар олар туралы құрметпен айтып, олардың Қазақстандағы тәуелсіз БАҚ-тарды дамытудағы үлесін атап отыр", — дейді пресс-атташе.