https://sputnik.kz/20260111/eki-mynnan-astam-adam-bostandyqqa-shyqty-60314585.html
Екі мыңнан астам адам бостандыққа шықты
Екі мыңнан астам адам бостандыққа шықты
Sputnik Қазақстан
Рақымшылық кәмелетке толмағандар, балалары бар әйелдер, жүкті әйелдер, мүгедектер және қарт адамдарды қамтыды 11.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-11T15:45+0500
2026-01-11T15:45+0500
2026-01-11T15:45+0500
бостандыққа шығу
рақымшылық: бола ма, жоқ па
https://sputnik.kz/img/07e5/06/01/17219583_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_f18d086913aac51f7dd00b88d1344bcc.jpg
АЛМАТЫ, 11 қаңтар - Sputnik. Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылық аяқталды, деп хабарлайды Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.Сотта 15 970 ұсыныс қаралып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен 2 мыңнан астам адам босатылды. Олардың ішінде әйелдер мен кәмелетке толмағандар да бар.Рақымшылық кәмелетке толмағандар, балалары бар әйелдер, жүкті әйелдер, мүгедектер және қарт адамдарды қамтыды. Бұл заң пенитенциарлық жүйеге түсетін жүктемені азайтып, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге ықпал етті. Босатылған барлық адамдар пробация қызметі тұрақты бақылауында болып, полицияның жеке есебіне қойылды. Айта кетері, рақымшылық туралы заң сыбайлас жемқорлық, экстремистік немесе террористік сипаттағы қылмыстарды жасаған адамдарға, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар үшін сотталғандарға, азаптаулар жасағандарға және қылмысты қайталап жасаған рецидивистерге қолданылмайды.
https://sputnik.kz/20250703/raqymshylyq-bastaldy--bostandyqqa-shygudyn-basty-talaptary-55338565.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/01/17219583_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_5d701bf42dbd8591857eadf4bdf4525a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бостандыққа шығу, рақымшылық: бола ма, жоқ па
бостандыққа шығу, рақымшылық: бола ма, жоқ па
Екі мыңнан астам адам бостандыққа шықты
Рақымшылық кәмелетке толмағандар, балалары бар әйелдер, жүкті әйелдер, мүгедектер және қарт адамдарды қамтыды
АЛМАТЫ, 11 қаңтар - Sputnik. Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылық аяқталды, деп хабарлайды Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.
Сотта 15 970 ұсыныс қаралып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен 2 мыңнан астам адам босатылды. Олардың ішінде әйелдер мен кәмелетке толмағандар да бар.
"Пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандарға қатысты материалдарды қарау нәтижесінде 2 888 адам жазадан босатылып, 7 600-ден астам сотталғанның жазалау мерзімі қысқартылды', - дейді комитет.
Рақымшылық кәмелетке толмағандар, балалары бар әйелдер, жүкті әйелдер, мүгедектер және қарт адамдарды қамтыды. Бұл заң пенитенциарлық жүйеге түсетін жүктемені азайтып, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге ықпал етті.
Босатылған барлық адамдар пробация қызметі тұрақты бақылауында болып, полицияның жеке есебіне қойылды.
"Бостандыққа шыққандар үшін қоғамға қайта бейімделу мен әлеуметтенуге бағытталған кешенді қолдау шаралары қарастырылған. Осы жұмыс аясында азаматтарға жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ қызықтыратын мәселелер бойынша кеңес беру ұйымдастырылады", - делінген хабарламада.
Айта кетері, рақымшылық туралы заң сыбайлас жемқорлық, экстремистік немесе террористік сипаттағы қылмыстарды жасаған адамдарға, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар үшін сотталғандарға, азаптаулар жасағандарға және қылмысты қайталап жасаған рецидивистерге қолданылмайды.