https://sputnik.kz/20250611/alayaqtar-da-raqymshylyqqa-iligedi--zannyn-negizgi-talaptary-zhariyalandy-54528242.html
Алаяқтар да рақымшылыққа ілігеді – заңның негізгі талаптары жарияланды
Алаяқтар да рақымшылыққа ілігеді – заңның негізгі талаптары жарияланды
Sputnik Қазақстан
Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамдарға рақымшылық қолдануға шектеу қойылады 11.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-11T12:26+0500
2025-06-11T12:26+0500
2025-06-11T12:26+0500
рақымшылық: бола ма, жоқ па
амнистия
https://sputnik.kz/img/old/292/07/2920738_0:54:1025:630_1920x0_80_0_0_e3b3754945dfd1afc01229e275c365ab.jpg
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Конституцияның 30 жылдығына байланысты рақымшылыққа алаяқтық жасағаны үшін сотталғандар да ілігеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Мәжілістің жалпы отырысында рақымшылық туралы заң жобасына енген бірқатар новелла жарияланды.Ал мемлекеттік құпияларды заңсыз жария етуге байланысты қылмыстар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамдарға рақымшылық қолдануға шектеу қойылады.Рақымшылыққа тағы кімдер ілігедіЗаңға сәйкес, азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар үшін рақымшылық қарастырылған. Оған ілігетіндер:Сондай-ақ ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін өтелмеген жаза мерзімін қысқарту көзделіп отыр. Ал аса қауіпті қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық қолданылмайды.
https://sputnik.kz/20250611/raqymshylyq-zhasaudan-qansha-aqsha-unemdeledi-54526922.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/292/07/2920738_56:0:967:683_1920x0_80_0_0_385bad05814ceb412928ccf521f0b212.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
рақымшылық: бола ма, жоқ па, амнистия
рақымшылық: бола ма, жоқ па, амнистия
Алаяқтар да рақымшылыққа ілігеді – заңның негізгі талаптары жарияланды
Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамдарға рақымшылық қолдануға шектеу қойылады
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Конституцияның 30 жылдығына байланысты рақымшылыққа алаяқтық жасағаны үшін сотталғандар да ілігеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжілістің жалпы отырысында рақымшылық туралы заң жобасына енген бірқатар новелла жарияланды.
"Атап айтқанда, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алғаны немесе ысырап еткені, немесе аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін сотталған адамдар үшін қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залал мен оларға қойылған талап-арыздар толық өтелген жағдайда негізгі жазаның өтелмеген немесе орындалмаған бөлігінің мерзімдері немесе мөлшері бестен бір бөлікке қысқартылады", - деді депутат Абзал Құспан.
Ал мемлекеттік құпияларды заңсыз жария етуге байланысты қылмыстар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамдарға рақымшылық қолдануға шектеу қойылады.
Рақымшылыққа тағы кімдер ілігеді
Заңға сәйкес, азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар үшін рақымшылық қарастырылған. Оған ілігетіндер:
қылмыстық теріс қылық пен онша ауыр емес қылмыстар жасағандар;
зиян келтіруге әкеп соқпаған, ауырлығы орташа қылмыс жасаған, не оны толық өтеген адамдар;
залалдың немесе азаматтық талаптың болуына қарамастан, ауырлығы орташа қылмыс жасаған әлеуметтік жағынан осал адамдар.
Сондай-ақ ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін өтелмеген жаза мерзімін қысқарту көзделіп отыр. Ал аса қауіпті қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық қолданылмайды.