Рақымшылық жасаудан қанша ақша үнемделеді

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуТюрьма, иллюстративное фото
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2025
Жазылу
Түрмеде отырған 632 адам бостандыққа шығады
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Конституцияның 30 жылдығына байланысты рақымшылыққа ілінген сотталғандарға кететін қыруар қаражы үнемделеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжіліс депутаттары заңды қабылдады. Оған сәйкес, түрмеде отырған 632 адам бостандыққа шықса, 5,4 мың адамның жазасы қысқартылады.
Мәжілістің бүгінгі отырысында үнемделетін қаржының көлемі жарияланды.
"Бюджет қаражатын үнемдеу күніне 22,5 млн теңгені құрайды (1 сотталғанға жұмсалатын жалпы шығын – 2900 теңге, тиісінше жылына 4,8 млрд теңге)", - делінген депутат Абзал Құспанның баяндамасында.
Рақымшылықтың нәтижесінде үнемделген бюджет қаражаты қылмыстық атқару жүйесін қаржыландыруға және халықаралық-құқықтық стандарттарды енгізуге, соның ішінде камералық түрмелерге көшуге жұмсалады.
Рақымшылыққа 15 мың адам ілігеді - мәжіліс заңды қабылдады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2025
Рақымшылыққа 15 мың адам ілігеді - мәжіліс заңды қабылдады
Жаңалықтар
0