Рақымшылыққа 15 мың адам ілігеді - мәжіліс заңды қабылдады

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуРақымшылыққа 15 мың адам ілігеді - мәжіліс заңды қабылдады
Рақымшылыққа 15 мың адам ілігеді - мәжіліс заңды қабылдады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2025
Жазылу
Бостандыққа 4,1 мың адам шығады
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Мәжіліс депутаттары Конститутцияның 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Алдын ала есепке сәйкес, рақымшылықпен барлығы 15 мың адам қамтылады. Олар:
түрмеде отырған 6 мың адам;
пробация қызметінің есебінде тұрған 9 мың адам.
Бірақ тек 4,1 мың адам бостандыққа шыға алады. Соның ішінде түрмеге қамалған 632 адам, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған 3,5 мың адам бар. Ал қалған 11 мың адамның жазасы қайта қаралып, мерзімі қысқартылады.
Рақымшылыққа ілігетіндердің арасында 833 әйел бар. Олардың 109-ы босатылады, ал 724-інің мерзімі қысқартылады.
Рақымшылықпен қамтылатын әлеуметтік осал топтар:
2 кәмелетке толмаған жасөспірім;
10 жүкті әйел;
331 кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер мен бала кезінен мүгедектер;
2 мүгедектігі бар адам;
136 зейнеткерлік жастағы әйел.

“Сонымен қатар, өтеуге соңғы 1 жыл қалған, оң мінезделетін 1700-ден астам сотталған азаматтар босап шығады. Ол өзгеріс заң жобасының 2 және 3-баптарында көзделген”, - дейді депутат Абзал Құспан.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 476-бабының 15-тармағына сәйкес, рақымшылық жасауды қолдану туралы түпкілікті шешімді сот әрбір сотталушыға қатысты жеке қабылдайды.
Түрмедегі сым - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2025
Сотталғандарға рақымшылық жасалады - тізім жарияланды
Жаңалықтар
0