https://sputnik.kz/20221027/dikiy-arman-men-qayrat-qudaybergen-raqymshylyqqa-ilinbeydi-28815268.html
Дикий Арман мен Қайрат Құдайберген рақымшылыққа ілінбейді
Дикий Арман мен Қайрат Құдайберген рақымшылыққа ілінбейді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Бүгін парламент қаңтар оқиғасына қатысқандарға бір реттік рақымшылық жариялау туралы заңды қабылдады. Бірақ оған Дикий Арман мен... 27.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-27T10:41+0500
2022-10-27T10:41+0500
2022-10-27T10:41+0500
рақымшылық: бола ма, жоқ па
https://sputnik.kz/img/07e6/02/02/22438809_224:199:1486:909_1920x0_80_0_0_186bf390c0731b9176fb987fc25dedf0.jpg
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Бүгін парламент қаңтар оқиғасына қатысқандарға бір реттік рақымшылық жариялау туралы заңды қабылдады. Бірақ оған Дикий Арман мен Қайрат Құдайберген ілінбейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтің айтуынша, қазіргі кезде 20 адамға қатысты тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ондай істер рақымшылыққа ілікпейді.Айта кетері, бүгін сенат рақымшылық туралы заңды қабылдады. Оған сәйкес, теріс қылық, ауырлығы төмен және орташа қылмыс жасағандар жазадан толық босатылады. Ал жазасын өтеп шыққандардан соттылық алынады. Бұдан бөлек, ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағандарға жаза мерзімін қысқарту көзделген. Атап айтқанда, ауыр қылмыстар үшін сот тағайындаған мерзімнің төрттен үш бөлігі, ал аса ауыр қылмыстар үшін жазаның жартысы қысқарады.Егер сотталған тұлғаның жазаны өтеу мерзімі бір жылдан аз болса, онда ол толық босатылады. Жалпы рақымшылық 1500-дей адамды қамтиды.Ал террористер, экстремистер, рецидивистер, адамды азаптағандар, тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар мен мемлекетке опасыздық жасағандар рақымшылыққа ілінбейді.
https://sputnik.kz/20221027/senat-qantar-oqigasyna-qatysushylarga-raqymshylyq-zhariyalau-turaly-zandy-qabyldady-28807630.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/02/22438809_198:169:1185:909_1920x0_80_0_0_02102a6983cafae702f6df2df0a7dd95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
рақымшылық: бола ма, жоқ па
рақымшылық: бола ма, жоқ па
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Бүгін парламент қаңтар оқиғасына қатысқандарға бір реттік рақымшылық жариялау туралы заңды қабылдады. Бірақ оған Дикий Арман мен Қайрат Құдайберген ілінбейді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтің айтуынша, қазіргі кезде 20 адамға қатысты тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ондай істер рақымшылыққа ілікпейді.
"Ұйымдастырушылар рақымшылыққа ілінбейді. Қаңтар оқиғасына қатысушыларға ғана амнистия жасалады. Ал Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиев (Дикий Арман – Sputnik) тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар қатарына кіреді", - деді Шындалиев журналистерге берген сұхбатында.
Айта кетері, бүгін сенат рақымшылық туралы заңды қабылдады. Оған сәйкес, теріс қылық, ауырлығы төмен және орташа қылмыс жасағандар жазадан толық босатылады. Ал жазасын өтеп шыққандардан соттылық алынады. Бұдан бөлек, ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағандарға жаза мерзімін қысқарту көзделген. Атап айтқанда, ауыр қылмыстар үшін сот тағайындаған мерзімнің төрттен үш бөлігі, ал аса ауыр қылмыстар үшін жазаның жартысы қысқарады.
Егер сотталған тұлғаның жазаны өтеу мерзімі бір жылдан аз болса, онда ол толық босатылады. Жалпы рақымшылық 1500-дей адамды қамтиды.
Ал террористер, экстремистер, рецидивистер, адамды азаптағандар, тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар мен мемлекетке опасыздық жасағандар рақымшылыққа ілінбейді.