Қоғам

Заңгер: экс-премьер Серік Ахметовке рақымшылық жасалуы мүмкін

© Sputnik / Асем МиржекееваСерік Ахметов
Серік Ахметов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жемқорлық үшін сотталғандар өз кінәсін мойындаған жағдайда рақымшылық берілуі мүмкін. Серік Ахметов сотта кінәсін мойындаған жоқ.

АСТАНА, 30 қар — Sputnik. Жемқорлық жасағын үшін жазасын өтеп жатқан Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовке Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жарияланған рақымшылық берілуі мүмкін деп санайды танымал заңгер Сергей Уткин.

түрме - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Заң күшіне енген күннен бастап жарты жыл ішінде рақымшылық жасалады

"Жемқорлық туралы баптарға да рақымшылық берілуі мүмкін. Олардың да орташа, ауыр, аса ауыр түрлері болады. Сондай-ақ келтірілген шығын көлеміне де байланысты, үлкен немесе үлкен емес құқықбұзушылық. Сол себепті де жемқорлық туралы баптарға рақымшылық берілуі мүмкін", — деді Уткин Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұхбатында.

Рақымшылық берілетін қылмыстық кодекс баптарының нақты тізімі заң қабылданғаннан кейін белгілі болады. 

Жаңалықтар
0