Қоғам

Жалған террористтер мен ұлт араздығын қоздырушыларға рақымшылық берілмеуі мүмкін

© Sputnik / Дархан МусинҚатаң тәртіпті колония
Қатаң тәртіпті колония - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жалған терроризм үшін сотталған Юрий Пакқа рақымшылық берілмеуі мүмкін.

АСТАНА, 7 жел – Sputnik.  Жалған терроризм және ұлт араздығын қоздырғаны үшін сотталғандарға рақымшылық берілмеуі мүмкін деп хабарлады ҚР бас прокуратурасы департаментінің басшысы Серікбай Ерімбетов.

"174-бап (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) экстремисттік қылмысқа жатады, сол себепті оған рақымшылық берілмейді. Жалған терроризмге де рақымшылық жасалмайды", — деді Ерімбетов тілшілерге мәжілістің пленарлық отырысынан кейін.

Сейітқазы Матаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сейітқазы Матаевқа рақымшылық берілуі мүмкін, бірақ ол оған үміт артпайды

ҚР бас прокуроры Жақып Асанов халық назарына іліккен қылмыстық істердің фигуранттары, мәселен ҚР бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовке, жер белсенділері Макс Бокаев пен Талғат Аяновқа, қарағандылық мұғалім Юрий Пакке, Статистикалық агенттіктің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаеваға және "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевке рақымшылық беріле ме деген сұраққа жауап беруден бас тартты.

"Бұл әлі заңға енген жоқ. Бүгін мәжіліс біраз өзгертулер енгізді, ертең сенатқа барамыз. Содан кейін мұның бәрін президент көріп шығады. Ақыры соңында, қандай заң қабылданатынын ешкім алдын ала айта алмайды", — деді Асанов тілшілерге.

Ол рақымшылық алу үшін сотталушының келісімі қажет екендігін атап өтті. 

Жаңалықтар
0