АСТАНА, 9 жел – Sputnik. Қазақстан тілшілер одағының басшысы Сейітқазы Матаев пен қарағандылық физика пәнінің мұғалімі Юрий Пакке рақымшылық берілуі мүмкін деп хабарлады бас прокуратура өкілдері тілшілерге.
Жұма күні парламент Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылық жүргізу туралы заңды қабылдады. Прокуратура өкілдерінің айтуынша, заңнамаға сәйкес Юрий Пакті соттаған жалған терроризм туралы бап террорлық және экстремисттік қылмысқа жатпайды.
Прокуратура бұдан бұрын Сейітқазы Матаевтың жасы ескеріліп, рақымшылық берілуі мүмкін екендігін айтқан болатын. Себебі рақымшылық туралы заңға сәйкес, 60 жастағы және одан асқан, қылмыстың орташа түрін жасаған ер адамдар жазадан босатылады.