Оқиға

Қазақстанда 1,8 адам рақымшылықпен босауы мүмкін

© Sputnik / Михаил Фомичев / Медиабанкке өтуТұтқын
Тұтқын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
30 мыңға жуық дерлік адам рақымшылық туралы заңға ілінуі мүмкін, екі мыңға жуық қамаудағы адам бостандыққа шыға алады.

АСТАНА, 2 жел — Sputnik. Қазақстанда 1,8 мыңға жуық адам рақымшылық бойынша бостандыққа ныға алады, деп хабарлады ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель. 

түрме - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Заң күшіне енген күннен бастап жарты жыл ішінде рақымшылық жасалады

Меркелдің атап өтуінше, заң күшіне енген кезінде рақымшылыққа ілінетін адамдардың санын нақты атау мүмкін емес. "Шамамен есептедік – 30 мыңға жуық. 1,8 мың шамасында (бостандыққа шығару жоспарлануда – ред.)", — деді Меркель жұма күні журналистерге. 

Жалпы, Меркелдің мәліметінше, қазір тергеу барысында қамауға алынғандарды есептегенде 36 мың адам тұтқында отыр. 

Бас прокурордың орынбасарының айтуынша қарағанда, өндіріске алынған теріс әрекеттер бойынша істердің барлығы тоқтатылады. Соттың қарауындағылар да тоқтайды. 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған ауырлығы төмен қылмыстар бойынша да жағдай осы секілді. 

"Ауырлығы орташа қылмыстарға келер болсақ, азаматтардың әлеуметтік осал санаттарының босауын қарастырады", — деп қосты Меркель. 

Серік Ахметов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Заңгер: экс-премьер Серік Ахметовке рақымшылық жасалуы мүмкін

Ауыр қылмыстар бойынша жазаның төрттен бір бөлігі, ал аса ауыр қылмыстар бойынша бестен бір бөлігі қысқарады. Бұл ретте рақымшылыққа ілінбейтін қылмыскерлер санатының бар екенін атап өтті ол. 

"Біз келесі барша ЭКСПО-ны өткіземіз. Біз осының барлығын ескеруіміз керек. Ал егер аса ауыр қылмыс жасағандарды босатсақ, бізге ешкім де келмейді, яғни бұл қауіпсіздікке әсер етеді", — деп түйді Меркель. 

Бұдан бұрын, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламенттің қарауына "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасын енгізді. Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары палатаның сәрсенбідегі жалпы отырысында ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай республикада рақымшылық жасау туралы заң жобасын өндіріске алды.


Жаңалықтар
0