Рақымшылыққа іліккен алғашқы адам бостандыққа шықты

© AP Photo / Gregorio BorgiaМужчина на фоне тюремной решетки, архивное фото
Мужчина на фоне тюремной решетки, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2025
Жазылу
Рақымшылық аясында бостандыққа шыққандарға өмірге бейімделуге қолдау көрсетіледі
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Қостанай облысында рақымшылыққа іліккен алғашқы адам бостандыққа шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, облыстағы түрмелерде шамамен 2 мың адам жазасын өтеп жүр.
"Конституцияның 30 жылдығына орай 300 адам рақымшылыққа ілігеді. Бүгін сол заң бойынша сотталғандардың алғашқы легі бостандыққа шықты", - делінген ресми хабарламада.
Рақымшылық аясында бостандыққа шыққандарға өмірге бейімделу жағынан қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, жұмысқа орналасу мен қажетті құжаттарды рәсімдеу жағынан көмек беріледі. Психологтар да өз қызметін ұсынады.
"Қоғамның осы адамдарға түсіністікпен қарап, қолдау жасағаны маңызды. Сонда олар қалыпты өмірге оралады, қоғамға пайдалы болады. Рақымшылық – бұл мүмкіндік. Оны ақылмен және үлкен жауапкершілікпен пайдалану қажет", - дейді мамандар.
Мемлекет шалыс басқан азаматтан теріс айналмайды: Тоқаев рақымшылық жариялады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2025
"Мемлекет шалыс басқан азаматтан теріс айналмайды": Тоқаев рақымшылық жариялады
Жаңалықтар
0