Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы 11 қаңтарда билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жөнінде жұмыс тобын құрды. Бұдан бұрын Назарбаев президент, үкімет және парламент арасында өкілеттікті қайта бөлу қажеттігін сан рет мәлімдеп, ел Конституциясына өзгертулер енгізілуі мүмкін екенін айтқан еді. Дегенмен Елбасы атап өткендей, Қазақстан "президенттік басқару формасын ұстанатын мемлекет болып қала береді".