Саясат

Саясаттанушы билікті қайта бөлу туралы: түбегейлі өзгерістер болмайды

© Photo : пресс-служба сената парламента РКПарламент депутаттары
Парламент депутаттары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанға айқын билікті бөлудің қажеті жоқ, деп санайды саясаттанушы Болат Сұлтанов

АСТАНА, 15 жел — Sputnik. Қазақстандық-неміс университеті жанындағы халықаралық және өңірлік ынтымақтастық институтының директоры Болат Сұлтанов Нұрсұлтан Назарбаевтың билікті қайта бөлу мәселесін қарастыру туралы тапсырмасына пікір білдірді. 

Председатель Конституционного совета РК Игорь Рогов - Sputnik Қазақстан
Саясат
Рогов елбасының билікті қайта бөлу туралы ұсынысына пікір білдірді

Саясаттанушың сөзіне қарағанда, мемлекет басшысының сөздері парламент өкілеттігін кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін көрсетуі мүмкін. "Іс жүзінде тәуелсіздік алғаннан кейін, әу бастан республиканың президенттік, парламенттік — қандай болуы тиістігі туралы пікірталастар болды. Конституция төңірегінде қандай пікірталастардың болғаны есіңізде болар. Сол жерде биліктің заң шығару, атқару немесе соттық — үш тармағы тәуелсіз болып, бірін бірі теңетіп, бақылайтын болуы тиіс деген әңгіме жүрген. 25 жыл пікірталастар мен даулар", — деген пікір білдірді саясаттанушы Sputnik Қазақстанға.

Институт жетекшісінің пікірінше, Қазақстанға қоғам дамуының транзиттік кезеңінде күшті ақтару билігі қажет.

"Бұл ретте күшті президенттік билік күшті парламентпен теңелуі тиіс. Парламент тек заң шығару функцияларына ғана емес, сонымен қатар ол үкімет қызметін бақылау қызметіне ие болуы тиіс. Сондықтан президенттің қазір айтып отырғаны, осы трендте келеді", — деп санайды саясаттанушы. 

Инаугурация - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстан Конституцияға өзгерістер енгізуі мүмкін

Бұл ретте, Сұлтановтың пікіріне қарағанда, процесстің неғұрлым бірқалыпты болғаны жөн. "Біз қазір басымыздан кешіріп отырған транзиттік кезеңде, бұл тармақты әртүрлі серпілістерсіз, түбегейлі өзгерістерсіз дамыту қажет. Менің пікірімше, биліктің қазіргі режимінде ешқандай түбегейлі өзгерісте болмайды. Қандайда бір жылжулар болуы мүмкін. Қазір президенттік биліктен президенттік-парламенттік республикаға эволюциялық өту қажет", — деді ол агенттіктің тілшісіне. 

Бейсенбіде Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын барысында сөз сөйлеген Назарбаев президент, үкімет және парламент арасында өкілеттікті қайта бөлу үшін Конституцияға өзгерістер енгізілуі мүмкін екендігін жоққа шығармады. Елбасы, Қазақстан Ата Заңымызда көрсетілгендей, президенттік басқару формасы бар мемлекет болып қала беретінін атап өтті. Бұл ретте, Назарбаевтың сөзіне қарағанда, президент, үкімет және парламент арасында өкілеттікті қайта бөлу мәселесін қарастыратын кез келген. 

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған. 


Жаңалықтар
0