АСТАНА, 24 қаң — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдегендей, бірнеше мәселелерді, дәлірек айтқанда қорғаныс қабілеті мен сыртқы саясат мәселесін мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлінген соң президент шешетін болады.
Отырыс барысында Елбасы атап өткендей, мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі республика дамуының тиісті кезеңі болып табылады.
"Мен ұсынған бес институтциялық реформаның бірі Үкіметке экономика саласында қосымша атқарушы өкілеттік беруді қарастырады. Дегенмен, қорғаныс қабілеті, сыртқы саясат, мемлекеттік басқару, Конситуцияны қорғау және мемлекетті билік тармақтары арасындағы тиімді жұмысты қамтамасыз ету мәселелері Президенттің құзыретінде болады", — деді Назарбаев.
Сонымен қатар, Қазақстан президенті мемлекеттік басқару жүйесіндегі парламент рөлін күшейтудің қажет екендігін атап өтті.