АСТАНА, 26 қаң — Sputnik. Қазақстандық сенаторлар билікті қайта бөлуге туралы президент үндеуін халық арасында белсенді түрде насихаттайтын болады деген сенімде сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Президент өкілеттігінің біраз бөлігін атқарушы және заң шығарушы билік тармақтарына беру туралы бастама көтерді. Мемлекет басшысының құзыреттіктерін биліктің өзге тармақтарына өз еркімен беруі – әлемдік қауымдастықтың саяси өмірінде аса сирек кездесетін жайт", — деді Тоқаев бейсенбі күні сенаттың жалпы отырысында.
"Біздің саяси жүйе келесі концепцияға негізделеді: мықты президент, беделді парламент, есеп беруге міндетті үкімет. Сенат депутаттары президент үндеуін халық арасында белсенді түрде насихаттау бойынша өнімді еңбек ететініне сенімдімін", — деп қорытты Тоқаев.