Саясат

Сәтпаев конституциялық реформа жайлы: қасқалардың тарақ үшін төбелесін еске салады

© Photo : аккаунт Досыма Сатпаева в FacebookДосым Сәтпаев
Досым Сәтпаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Саясаттанушы Досым Сәтпаев ұсынылған конституциялық реформаға сын айтып, парламент пен үкіметтің ұсынылған рөлді алуға дайын емес екенін атап өтті

АСТАНА, 25 қаң – Sputnik. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу жөніндегі арнайы үндеуі бірнеше маңызды сәттерді көрсетеді, деп санайды қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. 

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы парламент пен үкіметке қандай өкілеттіктердің өтетінін жариялады

Сәтпаевтің пікірінше, алда күтіліп отырған билікті қайта бөлу мемлекет басшысы "парламент пен үкіметтің қателері мен ағаттықтарын жабудан" жалыққанын білдіреді екен.  Ол өзіне жүйе үстіндегі ойыншы мен арбитрдің рөлін таңдаған.

"Өкілеттіктерді қайта бөлудің өзі екі қасқаның тарақ үшін төбелескенін елестетеді. Бұл ретте екі "қасқа" үкімет пен парламент болып табылады. Олар дағдарысты ахуалға әсер ету тұрғысынан да, адекватты заңнамалық жұмыста да өздерінің әлсіз тиімділігін көрсетті.

Мәселе, өкілеттіктерді қалай беруде емес. Мәселе кімге беруде. Бұл кез келген президенттік үстіндегі жүйенің дамуының тығырықтық тармағы. Бұл жағдайда априори күшті саяси институттар бола алмайды", — деп атап өтті саясаттанушы. 

Сәтпаевтің ойынша, сайлауда басымдылық алған партия ретінде "Нұр Отан" жүзіндегі парламенттің төменгі палатасы бірнеше жыл бұрын үкіметті қалыптастыруға қатысуға формальды құқық алған.

"Қадай да бір өкілеттікті қайта бөлу үшін осы өкілеттіктермен нақты бірнәрсе жасай алатын саяси институттарды күшейту керек болып тұр ғой. Яғни бізде қайтадан арбаны аттың алдына қойды. Парламентте "зомби партиялар" мен "флюгер депутаттар", емес электоралдық және бәсекеге қабілетті ойыншылардың отыруы үшін партиялық және сайлау жүйесінің реформасы қажет болып тұр", — дейді Сәтпаев. 

Инаугурация - Sputnik Қазақстан
Саясат
Конституциялық реформалар жобасы бүкілхалықтық талқылауға ұсынылады

Оның сөзіне қарағанда, бұл ретте парламент өзі қалыптасуы тиіс, және тек партиялық тізіммен ғана емес, мажоритарлық принциппен де. 

"Тек осы жағдайда ғана биліктің заң шығару тармағы биліктің ауысу кезінде қандай да бір саяси тұрақтылыққа кепілдік бере алатын ұжымдық мирасқор бола алады. Өйткені ойын ішкі элиталық топтардың мәжілістен тысқары пікірталастары асында ғана емес, құқықтық өріс аясында жүрер еді", — деп атап өтті ол. 


Жаңалықтар
0