Саясат

Конституциялық реформалар жобасы бүкілхалықтық талқылауға ұсынылады

© Sputnik / Владислав ВодневИнаугурация
Инаугурация - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық реформалар жобасын талқылауға ұсыну туралы жарлыққа қол қойды

АСТАНА, 25 қаң — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдегендей, конституциялық реформалар жобасы бүкілхалықтық талқылауға ұсынылады.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қорғаныс қабілеті мен сыртқы саясат мәселесін президент шешеді

"Ұсынылатын шаралардың маңыздылығын ескере отырып, айтылған конституциялық реформалар мен бүкіл жобаны толық құрамда бүкілхалықтық талқылауға ұсынуға шешім қабылдадым. Кейбір мәселелер жарияланып, барша жұрт  өз пікірін білдіруге мүмкіндік алады", — деді Назарбаев республикалық арналар эфирінде арнайы үндеуін жолдау барысында. 

Президент хабарлағандай, тиісті жарлық шығарылды. "Биліктің бүкіл тармақтары барынша жұмыс істеп, арасында баланс пен тепе-теңдік болуы үшін өкілеттікті қайта бөлуді одан сайын тереңдетеміз", — деді мемлекет басшысы. 

Жұмыс тобы ұсыныстарға сараптама жасап, жалпылауы тиіс. Содан кейін жобада жасалған ұсыныстар ескеріліп, президенттің қарауына беріледі.

Жаңалықтар
0