Саясат

Назарбаев: 26-бапқа енгізілген өзгерістерді қарауды кейінге шегере тұрайық

Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысып жатыр

АСТАНА, 3 нау – Sputnik. 26-бапқа енгізілген өзгерістерді қарауды кейінге шегере тұру керек, деп мәлім етті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында.

"26-бапқа ұсынылған өзгерістер түрлі пікір қайшылығын тудырды. Бұл конституция, бұл жағдайда жалпы елдің пікірі бір болу керек. Соны ескере отырып, ортақ мақсаттарға жұмылдыратын шешім болуы керек. Осы басты қағиданы ұстана отырып, жиырма алтыншы бапты өзгеріссіз бұрынғы редакцияда қалдыру туралы шешім қабылдап, сіздерге ұсынып отырмын", — деді Назарбаев. 

Елбасының айтуынша, 26-бапқа енгізілген өзгерістерді халыққа түсіндіру керек. 

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы: Конституциядағы кейбір баптар үлкен қоғамдық резонанс тудырды

"Жеке меншік туралы айтқанда бұл жер деген сөз емес. Адамның түрлі жеке меншігі бар  - баспанасы, жері, жылжитын және жылжымайтын меншігі. Меншік мәселесіне бәрі кіреді. "Әрбір…" деп айтқанда, бүкіл заңгерлер қоғамы қолдады, өйткені бұл елімізге инвестициялардың тұрақты түсуін, инвесторлардың және қазақтандықтардың сенімін қамтамасыз етеді. Бірақ бізге асықпау керек. Өйткені бұл мәселеде келісім болу керек, түсіндіру қажет. Бәрібір біз бұған келеміз, тіпті жер бойынша да, өйткені иесіз жер жетім деген қазақтың сөзі бар. Қурай өсіп, құрып, тозып кеткенін талай көрдік. Сондықтан бұл бапты кейінге шегере тұрайық", — деді Назарбаев. 


Жаңалықтар
0