Саясат

Елбасы: Конституциядағы кейбір баптар үлкен қоғамдық резонанс тудырды

© Photo : официальный сайт президента Республики КазахстанНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысып жатыр

АСТАНА, 3 нау – Sputnik. Конституциядағы кейбір баптар азаматтардың төтенше назарын аударып, үлкен қоғамдық резоннас тудырды. Бұл туралы бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Бүгін күн тәртібінде бір мәселе – Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда талқылау. 

"Қаңтар айында конституциялық реформа жасау туралы бастама көтердім. Осыған орай тиісті заң жобасы дайындалып, өткен бір ай бойы бүкілхалықтық талқылаудан өтті. Қоғамдық-саяси ортада екі мыңнан астам, ғылыми-шығармашылық ортада елуден астам республикалық деңгейдегі басқосу өтті. Алты мыңға жуық жаңа ұсыныс келіп түсті" — деді Назарбаев.

Елбасы өз сөзінде кейбір баптар азаматтардың төтенше назарын аударып, үлкен қоғамдық резонанс тудырғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл пікірлер бізде әлі де көптеген түйіні тарқамаған түйткілдер бар екенін айқын көрсетті. 

"Көп ұсыныс заңдарға өзгеріс жасау мәселесіне қатысты болады. Оны үкімет және сіздер қарайтын боласыздар. Менің тапсырмам бойынша жұмыс тобы ұсыныстардың маңыздыларын ескере отырып, заң жобасын дайындады. Бұл заң жобасын жұмыс тобының отырысында талқылағанымызды білесіздер. Жалпыұлттық талқылау барысында Конституцияда ұсынылған барлық жобаларды қолдады деп айтуға болады. Дегенмен, Конституцияның 26-бабын көпшілік қолдағанымен, пікір қайшылықтары да көрінді. Жетпіс пайыздан артық адамдар қолдап отыр. Дегенмен, басқа пікір айтқан азаматтар да бар. Меншік мәселесі жөнінде жер меншігіне теңдес деп ойлады. Ол жөнінде мәселелердің болғанын жер туралы заң қабылданғанын білесіздер. Бұл конституция, бұл жағдайда жалпы елдің пікірі бір болу керек. Соны ескере отырып, ортақ мақсаттарға жұмылдыратын шешім бюолуы керек. Осы басты қағиданы ұстана отырып, жиырма алтыншы бапты өзгеріссіз бұрынғы редакцияда қалдыру туралы шешім қабылдап, сіздерге ұсынып отырмын", — деді мемлекет басшысы. 


Жаңалықтар
0