Күздің келуімен елімізде жанармай «жыры» басталды. Жүргізушілер жанар-жағармай құю станцияларында Аи-92 бензинін таба алмай сабылды. Дәл осы уақытта күннің ерте салқындап кетуіне байланысты жеке сектор тұрғындары көмір тапшылығына тап болды. Осы күрделі жағдай үкіметте қаралып, премьер-министрдің шешімімен энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қызметінен босатылды. Ал энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа президент сөгіс жариялады.