АСТАНА, 5 қазан — Sputnik. Алматы әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев қалада бензин жетіспеушілігіне қатысты пікір білдірді.
Алмас Мәдиевтің сөзіне жүгінсек, Алматы қадасында жанармай жетіспеушілігіне байланысты әкімдік министрлікпен бірігіп мәселені шешумен айналысып жатыр.
"Қазір қалада 15 мың тонна бензин қоры бар: Helios, Sinooil, "ҚазМұнайГаз". Бұл қаланы сегіз-он күнге қамтамасыз етуге жеткілікті, ал шағын жанармай бекеттеріндегі бензин қоры екі-үш күнге жетеді", — деді Алмас Мәдиев.
Оның айтуынша, әкімдік министрлікпен бірігіп жедел жиналыс өткізген, соның нәтижесінде энергетика министрлігі қаланы қосымша жанармай көлемімен қамтамасыз етуге уәде берген.
"Бұдан бөлек, жергілікті атқару органдары табиғи монополияны реттеу комитетімен бірге жанармай бекеттерін тексеріп, бензин қорын тексереді, себебі ірі желілер бензинді қоймаларында ұстамай, қала қонақтары мен тұрғындарын уақытылы қамтамасыз етуі тиіс", — деді ол.