Экономика

Алматыда бензин бағасы өсті

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуЖанармай бекеті
Жанармай бекеті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АИ-92 бензинінің бағасы орташа есеппен екі теңгеге өсті

АСТАНА, 11 қыркүйек — Sputnik. Алматы ірі жанармай бекеті желісінде бензин мен дизель жанармайы бағасы өсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бензин - Sputnik Қазақстан
Экономика
Жанармай бекеттерінде қазақстандық Еуро-5 бензині пайда болды

"ҚазМұнайГаз" жанармай бекетінде АИ-92 бензинінің бағасы артты, тамыз басынан бері 144 теңгеге дейін артқан. АИ-95 бензинінің бағасы да үш теңгеге артып, 158 теңге болды, ал дизель тамыз басынан бері төрт теңгеге артып, литрі 144 теңге болған. 

Royal Petrol бекеттеріндегі бензин бағасы: АИ-92 – 145 теңге, дизель – 145 теңге, АИ-95 – 159 теңге. 

Sinоoil жанармай бекетінде бір литр АИ-92 екі теңгеге қымбаттап, 145 теңге болды. Дизель жанармайы мен АИ-95 бензині бір теңгеге қымбаттап, 144 және 159 теңгеге жетті.

Helios бекеттерінде бір литр АИ-92  145 теңгеден сатылады, дизель жанармайы — 146 теңге, АИ-95 – 159 теңге.

Ең жоғары баға "Газпром нефть — Казахстан" жанармай бекеттерінде: АИ-92 – 147 теңге, дизель жанармайы – 147 теңге, АИ-95 – 168 теңге.


Жаңалықтар
0