Қоғам

Елде көмір жоқ: Қазақстанда жеке үйлерге қажетті отын тапшы

© Sputnik / Джон Траст / Медиабанкке өтуПештің алдында отырған ер адам
Пештің алдында отырған ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауа райы суытқан кезде Қазақстан бойынша жекеменшік үйлердің тұрғындары көмірсіз қалды. Оның сатып алуға мүмкіндік жоқ. Отын тасымалдаушыларының айтуынша, көмір бағасы өсіп, адамдар оны уақытылы сатып ала алмай отыр

АСТАНА, 4 қазан — Sputnik. Ауа райы суытқан сайын қатты отынның бағасы шарықтап өсіп жатыр. Қазақстандық сатып лаушылар оның қымбаттығына емес, оның тапшылығына алаңдап отыр. 

Көмірді іздеу жолында 

Шұбаркөл көмірі қазақстандықтар арасында өте танымал, әрі сұранысқа ие. Себебі одан күл аз шығып, сапалы болып келеді. Алайда, оны бүгінгі күні Астанадан тауып алу мүмкін емес. 

"Бірнеше күннен бері Шұбаркөл көмірі ешқайда жоқ. Астанада қазіргі уақытта көмір тапшы болып отыр. Енді үйімізді қалай жылытамыз?", — дейді Астана тұрғыны әлеуметтік желі беттерінде. 

Аймақтарда да осындай проблема орын алған: Шымкентке тапсырыстың көп болуы салдарынан көмір жеткізілмей отыр. 

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қыс жақындаған сайын, көмірдің алып-сатарлары "тапшылықты" қолдан жасап отыр.

 Көмірдің көтерме саудасымен айналысатын компания мәліметтеріне байланысты, көптеген жеткізушілер үшін он жылдан бері "Шұбаркөл Көмір" АҚ тікелей жұмыс жасау мүмкін емес. 

"Шұбаркөл Көмір" компаниясының нақты үш-төрт дилері бар. олардан басқа ешкім нақты территорияларда жұмыс жасай алмайды. Ол алдын-ала бөлініп қойған. Біреулер – солтүстікте, келесілері – оңтүстікте жұмыс жасайды. Біз тек бір дилерден сатып алып, ары қарай сатуды жасай аламыз. Басқа таңдау жоқ", — деді жеткізуші. 

Оған қоса, бүгінгі таңда компания Ақтөбе облысына көмір тасымалдауға қажетті вагондар саны "Қазақстан темір жолы" АҚ тарапынан жетіспеушілігінен де өлкедегі көмір тапшылығы туындап отыр.

"Таяу арада біз ұсынатын вагондар тек қараша айында босайды. Бұл жердегі басты проблема: ірі компаниялар көмірді сату және оны жеткізуге қатысты мәселе алдын ала жоспарланып қойған. Сондықтан кейбір көлік компаниялары бізге ресейлік вагондармен жұмыс жасауды ұсынып отыр. Біз олардан 20 вагон алып, Ақтөбе, Шиелі, Алматы облыстарына жібереміз", — деп қосты жеткізуші.
Бұл ретте қыркүйек айында хабарлағандай, ҚТЖ 2017 жылдың сегіз айында көмір тасымалының жоспары бұрынғы кезбен салыстырғанда 20 % немесе 10,5 миллион тоннаға жетіп отыр.
Жылу үшін төлем 
Ақмола облысындағы сатып алушылар өздерінің алтын уақыттарын "қара алтынды" сатып алу кезегінде жұмсауға дайын. 
"Бүгін Қосшыдан көмір сатып алдым. Көп адамдардың көздерінде қорқыныш бар. Олар бір-екі тонна көмір сатуды сұрайды. Ал сатушы ең аз дегенде төрт тонна көмір сатады. Адамдар оны сатып алатын мүмкіндіктері жоқ екенін, үйінде балалары мен кәрі ата-аналары тоңып отырғанын айтып, түсіндіруде. Алайда, сатушы олардың сөзіне құлақ асып та жатқан жоқ. Қайда бара жатырмыз? Әлі қыс басталған жоқ. Қатты аяздар болғанда не істейміз?", — деп жазады желі қолданушысы Гүлнар  Әбдірахманова.
Көмір жеткізушілердің бір ауыздан айтатыны жыл сайын көмірдің бағасы қыс түсе қымбаттайды. Шымкентте бір тонна көмірдің бағасы 15-16 мың теңгеге жеткен. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда, бірнеше мыңға қымбат. 
Осыған ұқсас жағдай Павлодар облысында да орын алып отыр. 
"Біздегі Майкөбе көмір разрезі бағаны 1000 теңгеге қымбаттатып отыр. Былтырғы жылы ең өтімді қоңыр көмір біздің аумақта тоннасына 7000 теңге болсағ биыл оны бағасы 9000 мыңға жетті. Жыл сайын тұрақты түрде отын бағасы 20 % қымбаттап отырады", —деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшілеріне "АТМ-ПВ"компаниясының өкілі. 
Көмір бағасы бірнеше факторлардың әсерінен реттеліп отырады. Олардың негізгісі: дизельді отынның бағасы және қазба байлағын тасымалдау шығыны ескеріледі. 


Жаңалықтар
0