Қоғам

Депутат: үкімет бензин тапшылығына қатысты жағдайды халыққа түсіндіру керек

CC0 / / Заправка, архивное фото
Заправка, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәулен Әшімбаев елдегі бензин тапшылығына қатысты пікір білдірді

АСТАНА, 9 қазан — Sputnik. Үкімет бензин тапшылығына қатысты жағдайдың мән-жайын анықтап, халыққа түсіндіру керек, деп есептейді Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев. 

бензин - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстандықтар Еркенің "Қайда" әні арқылы бензин тапшылығын сықақтады

"Бензиннің неге жоқ екенін анықтау керек. Алматыда да, Астанада да бензин тапшылығы бар. Еліміздің басқа өңірлерін де бұл мәселе айналып өтпесе керек. Менің ойымша, үкімет неге осындай жағдай болып отырғанын нақты айтып, халыққа түсіндіруі керек", — деді Әшімбаев үкіметтік сағаттан кейін БАҚ өкілдеріне. 

Айтуынша, әлемдік нарықта мұнай бағасы айтарлықтай тұрақталғанда, мұндай жағдай болмауы тиіс еді.

"Жалпы алғанда, бұл баға біздің өндірушілер үшін табыстың белгілі бір деңгейін сақтауға жеткілікті. Біздің мұнай өңдеу зауыттарымыз жұмыс істеп тұрған кезде бензин тапшылығының неге туындағанын түсіндіру қиын шығар. Сондықтан үкімет өзінің нақты дәлелдерін келтіруі керек", — дейді Әшімбаев. 

"Мен бұл жағдайдың объективті себептерін көріп тұрған жоқпын. Бәлкім, менің айтқаным дұрыс емес шығар. Бұл жерде субъективті себептер бар секілді. Табысты арттыру мақсаты болуы мүмкін. Бұл ретте үкімет жағдайдың мән-жайын анықтауы керек", — деді депутат.  

Ол егер сәрсенбіге дейін бензин тапшылығы шешілмесе, депутаттар бұл мәселені үкімет талқысына шығаратынын айтты.  

"Бұл маңызды мәселе. Егер сәрсенбіге дейін үкімет жағдайдың мән-жайын анықтап, түсіндірмесе, менің әріптестерім бұл мәселені көтеретініне сенімдімін", — деп түйді сөзін депутат.

Жаңалықтар
0