АСТАНА, 17 қазан — Sputnik. Петропавлда көмір жетіспей жатыр. Билік өкілдері бұл жағдайды аймаққа көмір жеткізетін вагондардың жоқтығымен байланыстырып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысының энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Айдархан Мусин брифинг кезінде, жылу беру маусымында аймақтағы көмірдің сұранысы 2,6 миллион тоннаны құрайды, оның ішінде 2 миллион тоннна көмір "Севказэнерго" АҚ еншісіне қажет.
"Бүгінгі таңда акционерлік қоғам 240 мың тонна көмірмен қамтамасыз етілген, бұл 30 күндік қор. Сонымен қатар, бюджеттік ұйымдар 100% көмірмен қамтамасыз етілген. Олардың жылу беру маусымындағы сұраныс қажеттілігі 173,8 мың тоннаны құрайды", — деген ақпарат берді Мусин.
Оның берген мәліметті бойынша, тұрғындардың жылу беру маусымындағы қажеттілігі 410 мың тоннаны құрайды, бүгінгі таңда оның 265 тоннасы дайындалды, бұл 60% құрайды.