АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Ішкі нарықты мұнай өнімдері мен көмірмен қамтамасыз ету мәселесін президент Нұрсұлтан Назарбаев жеке бақылауына алды, деп мәлім үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев.
"Ішкі нарықты мұнай өнімдері мен және көмірмен қамтамасыз ету мәселесі Мемлекет басшысының жеке бақылауында. Кеше президент Қанат Алдабергенұлын (Бозымбаев, энергетика министрі – ред.) Ақордада қабылдаған кезде жауапкершілік туралы ескертіп, бізге тапшылыққа жол бермеу бойынша тиісті жұмыстарды істеуге тапсырма берді", — деді Сағынтаев үкімет отырысында.
Осыған байланысты үкімет басшысы Бозымбаевқа көмір және мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша жұмысты әкімдіктермен бірлесе жүргізе беруді тапсырды. Ал бұл жұмыстың орындалуын премьердің бірінші орынбасары Асқар Мамин қадағалайды.
"Монополияға қарсы органдар баға белгілеуге қатысты тексеріс жұмыстарын жүргізуді жалғастыруы керек.Ендігі аптада осы мәселеге қайта ораламыз, — деді Сағынтаев.
Президент кеше энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдаған болатын. Кездесуде мемлекет басшысы елдегі жанармай мен отын тапшылығы үкімет пен энергетика министрлігі тарапынан жіберілген қателік пен олардың бұл мәселедегі жауапсыздығынан туындағанын атап өтті.