Қоғам

Бензин тапшылығының салдары: Назарбаев Бозымбаевқа сөгіс жариялады

Жазылу
Өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде атқармаған министрге сөгіс жарияланды

АСТАНА, 11 қазан — Sputnik. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялады, деп хабарлайды Ақорда.

Бұған дейін Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев министрден қыркүйек айында еліміздің жанармай бекеттерінде орын алған АИ-92 бензинінің тапшылығына қатысты түсініктеме беруді талап еткен еді. Премьер Бозымбаевқа сөгіс жариялау туралы ұсынысты елбасының атына жолдайтынын мәлімдеген болатын. 

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бозымбаев: біз халықтан кешірім сұрауымыз керек

"Қазақстан Республикасы премьер-министрінің ұсынысы негізінде өзіне жүктелген міндетті тиісті дәрежеде атқармағаны үшін ҚР Энергетика министрі Бозымбаев Қанат Алдабергенұлына мемлекет басшысының атынан сөгіс жарияланды", — деп хабарлайды Ақорда.


Жаңалықтар
0