Қарағанды мектептерінің бірінің физика пәні мұғалімі Юрий Пак жалған терроризм үшін екі жылға сотталды. Ұстазға үкім шығардан бір күн бұрын, Юрийдің анасы көз жұмды. Үкім жариялауға тек туыстары емес, сонымен қатар оның оқушылары да келген. Олар мұғалімдерімен қоштасар сәтте көз жастарын жасырмады.