АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Телефон терроризмі туралы қылмыстық істің кейбір жайттар белгілі болған соң, Қарағанды облыстық сотының шешімімен қайта тексерілетін болады деп хабарлайды агенттік тілшісі сот залынан.
Мұғалім Пактің қорғаушысы Сергей Ким сот отырысы барысында Қарағанды облыстық сотының апелляциялық коллегиясының шешімін қайтып алуды сұрады. Сонымен қатар, адвокат Ростов сараптама орталығының нәтижелерін алға тартып, қорғалушысының жазықсыз екендігін айғақтайды. Бұл нәтижелерге сәйкес, телефон арқылы хабарласқан адамның дауысы Юрий Пактікі емес.
"Адвокат пен прокруордың келтірген айғақтарын тыңдап, істің деректерін қарастырған соң, сот адвокаттың өтінішін жартылай қанағаттандыруға шешім қабылдады. Істің деректері тексеріліп, қосымша тергелуі үшін прокуратураға жіберілсін. Өтініштің басқа бөліктеріне келер болсақ, сот ол өтініштерді мерзімінен бұрын жасалған деп санайды", — деді судья Рашид Нұрмағамбетов.