Қоғам

Сотталған мұғалім Юрий Пактың жаза мерзімі бес айға қысқартылды

© SputnikЮрий Пак
Юрий Пак - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Рақымшылыққа сәйкес жазаның өтелмеген мерзімі төрттен бірге қысқарды

АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. "Жалған терроризм" үшін сотталған қарағандылық мұғалім Юрий Пактың жаза мерзімі рақымшылық бойынша төрттен бірге қысқартылды деп хабарлайды Қарағанды облысы Абай аудандық сотының баспасөз қызметі.

Юрий Пак - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сотталған мұғалім Юрий Пак колонияға жіберілді

Бұдан бұрын "телефон" терроризмі үшін сотталған Юрий Пактың әйелі Ольга Пак халыққа үндеу тастаған еді. Оның айтуынша, Пактың адвокаты мен туған-туыстары мемлекет тарапынан туындаған түрлі кедергілердің салдарынан рақымшылыққа өтініш бере алмай отырған болатын.

Бұл оқиға БАҚ-да кеңінен таралған соң, Ольга Пакқа прокуратурадан хабарласып, қандай қиындықтарға тап болғандығын сұрастырған. Кейін сотталған азаматтың әйелі жазғандай, барлық арыздар жойылып, сот құжаттарды қабылдаған екен.

"10 наурыз күні Абай аудандық соты судья Миханова Гүлнара Серікқызының төрелігімен бұл ұсынысты қанағаттандырды", — делінген сот хабарламасында. 

Былтыр желтоқсан айында Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай жарияланған рақымшылыққа сәйкес Юрий Пактың жаза мерзімі төрттен бірге, яғни бес ай он күнге қысқартылды. 

Жаңалықтар
0