АСТАНА, 7 жел – Sputnik. Телефон терроризмі үшін екі жылға бас бостандығынан айырылған физика пәнінің мұғалімі Юрий Пак тергеу изоляторынан колонияға жіберілді деп хабарлады Пактің жұбайы Ольга Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Қарағанды облысы қылмыстық істер жөніндегі сот коллегиясы Юрий Пактің жаза мерзімін өзгертусіз қалдырғаннан кейін, ол Қарағанды тергеу изоляторында колонияға жіберілуін күтіп отырған еді.
"Түрмеде Юраның дүйсенбі күні жіберілгендігін айтты, ал колониядағылар сейсенбі күні әкелінді дейді. Олардың қайсы өтірік, қайсы шын екенін білмеймін. Бірақ, әлі 15 күн карантин режимінде болады деп айтты", — деді Ольга Пак телефон арқылы.
Оның айтуынша, Юрий Пак Қарағанды облысы Абай ауданы Қарабас ауылындағы АК159/18 мекемесіне жіберілген.
"Юраны көремін деп үміттеніп едім, бірақ болмай қалды. Бәлкім, аз уақыт көрісуімізге мүмкіндік беретін шығар", — деді агенттікке сұхбат беруші.