АСТАНА, 29 қар — Sputnik. Қарағанды облысы прокурорының орынбасары Аспенби Жарылғасов азаматтарды Юрий Пактің ісі бойынша наразылық акциясына қатысудан сақтандырды.
Прокурордың мәліметінше, қазіргі уақытта жекелеген тұлғалар Юрий Пактың жазасын әлеуметтік желілерде кеңінен талқылап, оны қолдау ретінде наразылық акцияларын өткізуді насихаттауда.
"Ескерте кететін жайт, әділет орнатуға араласуға немесе сотқа қандай да бір ықпалын тигізуге ешкімнің хақы жоқ. Мұндай әрекеттер заң жолымен қудаланады", — деді прокурор апелляциялық коллегия шешімінен кейін болған брифингте.
Прокурордың пікірінше, Юрий Пакқа кесілген жаза оның жасаған қылмысына сәйкес берілген.