Оқиға

Юрий Пактың ісі: сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды

© Sputnik / Асем МиржекееваЮрий Пак сот залында
Юрий Пак сот залында - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Физика пәнінің мұғалімі Юрий Пак жалған терроризм үшін айыпталып, сот үкімімен екі жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Қорғаушы тарап апелляциялық шағым түсірген.

АСТАНА, 29 қар — Sputnik. Бірінші инстанция сотының физика пәнінің мұғалімі Юрий Пакқа қатысты үкімі өзгеріссіз қалдырылды, деп хабарлады агенттіктің тілшісі сот залынан. 

Юрий Пак - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Юрий Пак камераластарына физика мен тарихтан сабақ береді

Қарағанды облыстық сотында жалған терроризм үшін айыпталып, сот үкімімен екі жылға бас бостандығынан айырылған физика пәнінің мұғалімі Юрий Пактің ісі бойынша апелляциялық шағым қаралуда. 

Апелляциялық коллегия отырысы судья Рашид Нұрмағамбетовтың төрағалығымен сағат 09-да басталған еді. Сот залына сотталған азаматтың көптеген достары, туыстары мен әріптестері және тілшілер жиналды. Сот залына тергеу изоляторынан сотталушы Юрий Пак жеткізілді.Апелляциялық тыңдау ашық тәртіпте туыстары мен журналистердің қатысуымен өтті. 

"Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бірінші инстанцияның үкімін өзгеріссіз қалдыру қажет деп санайды", — деп оқыды шешімді сот коллегиясының төрағасы Рашид Нұрмағамбетов. 

Қарағанды мектептері бірінің физика пәні мұғалімі Юрий Пак 2016 жылы шілдеде сот алдына келген еді. Тағылған айып бойынша, 2015 жылғы 14 сәуір күні ол мектепте жүріп, өз смартфонынан шұғыл әрекет ету қызметіне хабарласып, Қарағандыдағы ЦУМ-ға бомба салынғандығын жеткізген. 3 қазан күні сот Пакті екі жылға бас бостандығынан айырған болатын. Оқушылары мен олардың ата-анасы, бұқара халық Пакті жақтаған еді.
Жаңалықтар
0