АСТАНА, 21 қаз — Sputnik. Жалған терроризм үшін екі жылға сотталған қарағандылық мұғалім Юрий Пак өз камераластарына физика және тарихтан сабақ береді деп жазады жұбайы Ольга Пак.
"Тіпті сол жерде де оның педагогикалық және ұйымдастырушылық қабілеттері іске асып жатыр. Ол камераластарына тарихтан, аздап физикадан сабақ береді, өзі туралы, өмір жайлы айтып береді, сүйікті фильмдерін мазмұндайды… Қасындағылар да оған "тағыда әңгіме айтшы" деп қолқа салады. Кейбір жігіттер, тіпті үлкен кісілердің өзі оның арқасында басқа әлем, басқа адамдардың бар екенін түсіндік, шын өмірдің не екенін білдік дейді", — деді Ольга Пак.
Сондай-ақ, Юрий Пак халықтың қолдауын, өзіне айтылған жылы сөздерді естіп қатты таң қалыпты.
"Ол менен отбасымызға көрсеткен қолдауларыңыз үшін баршаңызға үлкен алғыз білдіруімді сұрады. Түрмеде отырса да, сіздер үшін Құдайға жалбарынып, дұға оқып жатыр", — деп жазады Ольга Пак.