АСТАНА, 4 қаз — Sputnik Жалған терроризм үшін сотталған қарағандылық мұғалімді жақтап, оның оқушылары мен ұстаздың тағдыры алаңдатқан адамдар сөзін сөйледі. Әлеуметтік желілерде #учительневиноват және #судилисудилище хэштегтерімен жариялымдар шыға бастады.
Соттың физика мұғаліміне шығарған үкімі қазақстандықтарды алаңдатып, әлеуметтік желілерде шу шығарды. Көпшілік соттың үкімін әділетсіз және ерекше қатал деп санайды. Олардың пікірінше мұғалім мұндай жазаны….. Үкім жарияланғанға дейін әлеуметтік желілерде #учительневиноват деген хэштегпен жариялымдар шыға бастады. Топ құру бастамасын Юрий Пактың оқушылары көтерген. "Егер сіздердің жолдарыңызда әділетсіздік кездессе, соңына дейін күресіңіз", — деп келтіреді мұғалім Юрий Пактың сөзін, оның тәрбиленушілері жариялымның соңында.
Сот үкімі жарияланғанға дейін екі күн бұрын әлеуметтік желілерде #судилисудилище? Хэштегімен тағы бір топ пайда болды. "Мектептерімізде өз өмірін өрнек етіп, балаларымызды оқытатын мұғалімдер көп пе? Оқушылар көз жасын төгіп, өздерін жетім сезінетін? Осы жариялымдардың барлығын қарап шығып, балаларымыздың өз мұғалімдері туралы пікірлерін оқыңыздар! Бас әріппен жазылатын мұғалім туралы!", — дейді топты құрған Анатолий Ким.
Sputnik агенттігіне берген сұхбатында Анатолий, қарағандылық мұғалімнің тағдырына алаңдайтынын, оны және оның отбасын танитынын айтты. "Мұғаліммен болып жатқан жәйт туралы оқығанымда, бей-жай қала алмадым. Мен Юраны танимын, 20 жыл бұрын танысқанбыз. Ол жақсы отбасынан шыққан, оның марқұм анасын танитынмын. Ол өте парасатты жан болатын. Соңына дейін әділдіктің бар екендігіне сенгіміз келді, бірақ Юрийге қатысты сот керісінше болды", — деп атап өтті ол.
Ата-аналарының рұқсатымен Sputnik Юрий Пактың оқушыларымен сөйлесті. Олар әлі күнге дейін, сүйікті мұғалімдерінің Ньютон заңдарынан ғана емес, өмір заңынан да сабақ бермейтіндігіне сене алмай жатыр.
"Юрий Дмитриевич – ол жұмысына жан-тәнімен берілген мұғалім. Ол біздің физика мұғаліміміз ғана емес, ол бізді өмірге үйретті. Ешқандай мұғалім бізге, Юрий Дмитриевичтей айтқан емес. Ол үнемі жасағың келетін нәрсені ғана емес, жасалуға тиіс нәрсені де жасау керек дейтін. Егер бір нәрсеге қол жеткізгің келсе, ол үшін бір-екі сағат жұмыс істеу қажет дейтін. Оған физикадан бөлек біздің арамыздағы адами қарым-қатынастар маңызды болатын", — деді оқушылардың бірі Камила Коновалова.