Оқиға

Қарағандыдағы жалған терроризм ісі: мұғалімнің анасы үкімнен бір күн бұрын көз жұмды

© Sputnikсотталушы физика мұғалімі Юрий Пак
сотталушы физика мұғалімі Юрий Пак - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағандыда жалған терроризмде айыпталған физика мұғалімінің анасы, ұлына үкімнің шығуына бір күн қалғанда көз жұмды, деп хабарлады Sputnik агенттігіне сотталушының зайыбы Ольга Пак.

АСТАНА, 3 қаз — Sputnik. Қарағандыда жалған терроризмде айыпталған физика мұғалімінің анасы, ұлына үкімнің шығуына бір күн қалғанда көз жұмды, деп хабарлады Sputnik агенттігіне сотталушының зайыбы Ольга Пак.

сотталушы, физика пәнінің мұғалімі Юрий Пак - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қарағандыдағы мұғалімге қатысты сот: жалған терроршы немесе жағдайлар құрбаны

Қарағанды мектептерінің бірінің физика мұғалімі 2016 жылғы шілдеде сот алдында жауап берді. Айыптаудың болжамы бойынша, 2015 жылғы 14 сәуірде қарапайым мектеп мұғалімі, оқу орны ғимаратында, өзінің смартфонынан жедел әрекет ету қызметіне хабарласып, қарағандылық ЦУМ-ға жарылғыш зат қойылды деген хабарлама қалдырған.

Өзің соңғы сөзінде айыпталушы, Юрий Пак тергеу және сот кезінде анасының денсаулығы нашарлағандығын айтқан.

"Юраның анасы кеше көз жұмды. Ол сот шешіміне бір ақ күн жете алмады", — деп хабарлады агенттікке сотталушының зайыбы Ольга Пак телефон арқылы.

Қазіргі уақытта қылмыстық істер жөніндегі Қазыбек аудандық сотында Юрий Пакқа қатысты сот үкімі шығуға тиіс.

Сот ғимаратының маңына сотталушының туыстары мен журналистер ғана емес, сонымен бірге Юрий Пак физикадан сабақ берген мектеп оқушылары да жиналды. 70-ке жуық оқушы өз мұғаліміне қолдау көрсетуге ниетті.

Жаңалықтар
0