АСТАНА, 13 қаз – Sputnik. Бас прокуратура Юрий Пакқа шығарылған үкімінге апелляциялық жолмен қайта қаралған жағдайда қорытынды бере алатынын мәлімдеді.
Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты ағымдағы жылдың 3 қазанында Юрий Пакты терроризм актісі туралы жалған хабар таратқаны үшін 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын берді.
Істің қоғамдық резонанс туғызуына байланысты ҚР парламенті сенатының депутаты Дариға Назарбаева Пактың ісін тағыда мұқият қарауды сұрап, бас прокуратураға хат жолдады.
"Іс апелляциялық жолмен қайта қаралған жағдайда, облыс прокуратурасының өкілі шығарылған үкімнің заңдылығы туралы қорытынды береді", — деп хабарлады бейсенбіде бас прокуратура.
Қазіргі уақытта қадағалау органдары Юрий Пактың ісін сұрата алмайды, өйткені үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Сотталуша 23 қазанға дейін облыстық сотқа апелляциялық шағым беруге құқылы.