АСТАНА, 13 қаз — Sputnik. Қазақстан парламенті сенатының депутаты Дариға Назарбаева республиканың бас прокуратурасына қарағандылық мұғалім Юрий Пакқа қатысты қылмыстық іс материалдарын тағы бір мәрте мұқият қарап шығуды өтініп хат жолдады.
Ол парламент депутаттарының сот жүйесі ісіне араласуға хақы жоқ екендігін атап өтті.
"Ғаламторда да, әлеуметтік желілерде де, басылымдарда да қарама-қайшы ақпараттың көптігінен, істің барлық материалдарын қайта қарауды өтініп, бас прокуратураға хат жолдадым", - деді Назарбаева тілшілерге бейсенбі күні сенаттың пленарлық отырысынан кейін.
"Әрі қарай бас прокуратураның жауабын күтеміз. Кімнің жазықты, кімнің жазықсыз екендігін біз шеше алмаймыз, өйткені істің материалдарын ешқайсымыз анықтап көрген емеспіз. Сол себепті осындай хат жолдауға шешім қабылдадым. Депутаттың бар қолынан келгені осы", — деп ол сөзін қорытындылады.
Қарағанды мектептері бірінің физика пәні мұғалімі Юрий Пак 2016 жылы шілдеде сот алдына келген еді. Тағылған айып бойынша, 2015 жылғы 14 сәуір күні ол мектепте жүріп, өз смартфонынан шұғыл әрекет ету қызметіне хабарласып, Қарағандыдағы ЦУМ-ға бомба салынғандығын жеткізген. 3 қазан күні сот Пакті екі жылға бас бостандығынан айырған болатын. Оқушылары мен олардың ата-анасы, бұқара халық Пакті жақтаған еді.