https://sputnik.kz/20220826/taraz-tubindegi-zharylysqa-1-zhyl-toldy-27055417.html
Тараз түбіндегі жарылысқа 1 жыл толды: жоғалған сержант әлі табылған жоқ
Тараз түбіндегі жарылысқа 1 жыл толды: жоғалған сержант әлі табылған жоқ
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Осыдан тура бір жыл бұрын Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімнен өрт шығып, жарылыс болған еді. Өрт... 26.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-26T13:04+0500
2022-08-26T13:04+0500
2022-08-26T13:04+0500
әскери бөлімдегі жарылыс
https://sputnik.kz/img/07e5/08/1c/17980391_0:256:2733:1793_1920x0_80_0_0_474702ae655d636aac6d8e4c8fc13fdf.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Осыдан тура бір жыл бұрын Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімнен өрт шығып, жарылыс болған еді. Өрт салдарынан талай отбасы қара жамылды. Sputnik Қазақстан тілшісі оқыс оқиғаның неден басталып, қалай өрбігенін еске алуды жөн көрді.26 тамызда кешкі 19:00 шамасында Байзақ ауданы Қайнар ауылында орналасқан Қазақстан қорғаныс министрлігінің 28349 әскери бөлімінде оқ-дәрі қоймасы (инженерлік-саперлік бригада) өртенгені туралы хабарлама түскен. Бұл әскери бөлім Жамбыл облысының орталығы саналатын көне Тараз қаласынан 18 километр қашықтықта орналасқан. Өрт салдарынан белгісіз заттар жарылып, құлақ тұндырар қатты дыбыс пен алапат түтіннен үрейленген жақын маңдағы ауыл жұрты арасында дүрбелең басталды.Қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаев қоймада ұзақ қашықтыққа ұшпайтын инженерлік оқ-дәрілер сақталғанын және тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында жақын маңдағы үйлерден тұрғындарды көшіру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады. Сонымен қатар өрт салдарын жою бойынша жедел штаб құрылып, қорғаныс, төтенше жағдайлар және ішкі істер министрлері шұғыл түрде Жамбыл облысына аттанды.Бастапқыда Тараз қаласының 1-қалалық ауруханасына түрлі жарақатпен 32 адам түсті деген ақпарат тарағанмен, артынша олардың саны 60-тан асып кеткені белгілі болды. Бірақ, статистика мұнымен тоқтаған жоқ. Таң атқанға дейін жаралылар мен медициналық көмекке жүгінгендер саны артып, өрт сөндіруге аттанған әскерилер мен өрт сөндірушілер табылмай жатқаны анықталды.28 тамызда, яғни жарылыс басталғаннан кейін екі тәулікке жуық уақыт өткен соң тілсіз жау толығымен сөндірілгені, тек бықсып жатқан екі қойма бар екені туралы ақпарат тарады. Бұл туралы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев хабарлады. Сондықтан қойма базасы қоршалған маңға жақын салынған бірнеше үйдің тұрғындарын қоспағанда, барлық адам өз үйіне оралды.Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы трагедияға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Ол қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсеткенін және ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.Бұл күндері жарылыс кезінде түсірілген суреттер мен видеоларды қазақстандықтар желіде бөлісіп жатты. Ол кадрларда оқиға орнында түгі қалмай өртеніп кеткен арнайы техника мен жеңіл көліктер, әскери қойманы сөндіруге тырысқан құтқарушылар, жарылыс болар алдында дәмханада тамақтанып отырғандар, айналаны басқан шаңды тозаң, қирап, қабырғасы мен шатыры опырылған үйлер көрініс тапқан.Төтенше жағдайдан кейін үш күн өткен соң жарылыстан қаза болғандар саны 14-ке жеткені хабарланды. Бұл күні Қорғаныс министрлігінің саперлері оқиға орнынан тағы бір адамның денесін тапқан болатын. Жоғалған тағы екі адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатты. Ертесіне, 30 тамызда жарылыс орнынан тағы бір адамның денесі табылды. Осылайша Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны он бес адамға жетті.Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбылдағы жарылыс кезінде қаза болған және хабар-ошарсыз кеткен әскерилердің отбасыларына награда тапсырды. Дегенмен министр тап сол күні отставкаға кетті. Оның орнына мемлекет басшысы Мұрат Бектановты қорғаныс министрі қызметіне тағайындады.Қыркүйектің басында әскери қоймадан шыққан өртті сөндіру кезінде жарақат алған әскери қызметші Ерлан Қырғызәлиев қайтыс болды. Ол оқ-дәрілерді сақтау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған және қоймадағы өртті жоюға кіріскен алғашқылардың бірі болды. Ал төтенше оқиға кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен әскери қызметкер Бауыржан Дәуітбаевты іздеу жұмыстары жалғасып жатты.Елді дүр сілкіндірген төтенше жағдайдың төңірегіндегі дау да, талқылау да толастаған жоқ. Сондай-ақ төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қорғаныс министрлігінің қызметкерлері жарылыс қаупі жоқ деп құтқарушыларға жалған ақпарат бергенін атап өтті. Тараз түбіндегі жарылыс кезінде әскери бөлімнің басшылығы өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға тротилден бөлек, жарылғыш заттар бар екенін айтпаған .Араға сегіз ай салып, ішкі істер министрлігі "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы генерал-майор Қайдар Қарақұловтың ұсталғанын растады. Алайда күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдауға қажеттілік болмағандықтан, бас прокурор көмекшісінің шешімі негізінде Қарақұлов бір тәуліктен кейін уақытша ұстау изоляторынан босатылды. Дегенмен сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатты.Сонымен қатар әскери қоймадағы жарылыс кезінде қаза тапқан қызметкерлерге стелла орнатылып, мурал салынды, мемориал тақта орнатылды. Ерлікпен қаза тапқандардың құрметіне арналған ескерткіш тақтаның бірі бүгін, яғни жарылысқа жыл толған күні ашылды. Ескерткіш тақта Байзақ ауданы Қайнар ауылындағы әскери бөлімде ашылды. Тақтаға төтенше жағдай кезінде қайтыс болған адамдардың аты-жөні жазылған.Тамыздың мамыражай кешінде ел тыныштығын бұзған жарылыстан жалпы 17 адам қаза тапты. Ал хабар-ошарсыз кеткен 34 жастағы сержант Бауыржан Дәуітбаев әлі табылған жоқ. Дегенмен әскери қызметкерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/1c/17980391_1:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_1346020de559c836cc2e4e01fd9de3af.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери бөлімдегі жарылыс
Тараз түбіндегі жарылысқа 1 жыл толды: жоғалған сержант әлі табылған жоқ
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Осыдан тура бір жыл бұрын Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімнен өрт шығып, жарылыс болған еді. Өрт салдарынан талай отбасы қара жамылды.
Sputnik Қазақстан тілшісі оқыс оқиғаның неден басталып, қалай өрбігенін еске алуды жөн көрді.
26 тамызда кешкі 19:00 шамасында Байзақ ауданы Қайнар ауылында орналасқан Қазақстан қорғаныс министрлігінің 28349 әскери бөлімінде оқ-дәрі қоймасы (инженерлік-саперлік бригада) өртенгені туралы хабарлама түскен. Бұл әскери бөлім Жамбыл облысының орталығы саналатын көне Тараз қаласынан 18 километр қашықтықта орналасқан. Өрт салдарынан белгісіз заттар жарылып, құлақ тұндырар қатты дыбыс пен алапат түтіннен үрейленген жақын маңдағы ауыл жұрты арасында дүрбелең басталды.
Қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаев қоймада ұзақ қашықтыққа ұшпайтын инженерлік оқ-дәрілер сақталғанын және тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында жақын маңдағы үйлерден тұрғындарды
көшіру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады. Сонымен қатар өрт салдарын жою бойынша жедел штаб құрылып, қорғаныс, төтенше жағдайлар және ішкі істер министрлері шұғыл түрде Жамбыл облысына
аттанды.
Бастапқыда Тараз қаласының 1-қалалық ауруханасына түрлі жарақатпен 32 адам түсті деген
ақпарат тарағанмен, артынша олардың саны
60-тан асып кеткені белгілі болды. Бірақ, статистика мұнымен тоқтаған жоқ. Таң атқанға дейін жаралылар мен медициналық көмекке жүгінгендер саны артып, өрт сөндіруге аттанған әскерилер мен өрт сөндірушілер табылмай жатқаны
анықталды.28 тамызда, яғни жарылыс басталғаннан кейін екі тәулікке жуық уақыт өткен соң тілсіз жау толығымен сөндірілгені, тек бықсып жатқан екі қойма бар екені туралы ақпарат тарады. Бұл туралы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев хабарлады. Сондықтан қойма базасы қоршалған маңға жақын салынған бірнеше үйдің тұрғындарын қоспағанда, барлық адам
өз үйіне оралды.Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы трагедияға байланысты 29 тамызды
Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Ол қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсеткенін және ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.
Бұл күндері жарылыс кезінде түсірілген суреттер мен видеоларды қазақстандықтар желіде бөлісіп жатты. Ол кадрларда оқиға орнында түгі қалмай өртеніп кеткен арнайы техника мен жеңіл көліктер, әскери қойманы сөндіруге тырысқан құтқарушылар, жарылыс болар алдында дәмханада тамақтанып отырғандар, айналаны басқан шаңды тозаң, қирап, қабырғасы мен шатыры опырылған үйлер көрініс тапқан.
Төтенше жағдайдан кейін үш күн өткен соң жарылыстан қаза болғандар саны 14-ке жеткені хабарланды. Бұл күні Қорғаныс министрлігінің саперлері оқиға орнынан тағы бір адамның денесін тапқан болатын. Жоғалған тағы екі адамды
іздеу жұмыстары жалғасып жатты. Ертесіне, 30 тамызда жарылыс орнынан тағы бір адамның денесі табылды. Осылайша Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны он бес адамға жетті.
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбылдағы жарылыс кезінде қаза болған және хабар-ошарсыз кеткен әскерилердің отбасыларына награда тапсырды. Дегенмен министр тап сол күні
отставкаға кетті. Оның орнына мемлекет басшысы Мұрат Бектановты қорғаныс министрі қызметіне тағайындады.
Қыркүйектің басында әскери қоймадан шыққан өртті сөндіру кезінде жарақат алған әскери қызметші
Ерлан Қырғызәлиев қайтыс болды. Ол оқ-дәрілерді сақтау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған және қоймадағы өртті жоюға кіріскен алғашқылардың бірі болды. Ал төтенше оқиға кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен әскери қызметкер Бауыржан Дәуітбаевты іздеу жұмыстары жалғасып жатты.
Елді дүр сілкіндірген төтенше жағдайдың төңірегіндегі дау да, талқылау да толастаған жоқ. Сондай-ақ төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қорғаныс министрлігінің қызметкерлері жарылыс қаупі жоқ деп құтқарушыларға
жалған ақпарат бергенін атап өтті. Тараз түбіндегі жарылыс кезінде әскери бөлімнің басшылығы өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға тротилден бөлек, жарылғыш заттар бар екенін айтпаған .
Араға сегіз ай салып, ішкі істер министрлігі "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы генерал-майор Қайдар Қарақұловтың ұсталғанын растады. Алайда күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдауға қажеттілік болмағандықтан, бас прокурор көмекшісінің шешімі негізінде Қарақұлов бір тәуліктен кейін уақытша ұстау изоляторынан босатылды. Дегенмен сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатты.
Сонымен қатар әскери қоймадағы жарылыс кезінде қаза тапқан қызметкерлерге стелла орнатылып, мурал салынды, мемориал тақта орнатылды. Ерлікпен қаза тапқандардың құрметіне арналған ескерткіш тақтаның бірі бүгін, яғни жарылысқа жыл толған күні ашылды. Ескерткіш тақта Байзақ ауданы Қайнар ауылындағы әскери бөлімде ашылды. Тақтаға төтенше жағдай кезінде қайтыс болған адамдардың аты-жөні жазылған.
Тамыздың мамыражай кешінде ел тыныштығын бұзған жарылыстан жалпы 17 адам қаза тапты. Ал хабар-ошарсыз кеткен 34 жастағы сержант Бауыржан Дәуітбаев әлі табылған жоқ. Дегенмен әскери қызметкерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.