Өңірлер

Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін 32 адам ауруханаға түсті

© Sputnik / Абзал КалиевКапельница
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2021
Жазылу
Жарылыс болған жерге жақын маңдағы Базарбай, Үшбұлақ, Жаңатұрмыс ауылдарының тұрғындары эвакуацияланып жатыр

АЛМАТЫ, 26 маусым – Sputnik. Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін Тараз қаласының №1 қалалық ауруханасына түрлі жарақатпен 32 адам түсті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Олардың жеке басы анықталып жатыр.

26 тамызда кешкі жетіден асқанда Байзақ ауданы Қайнар ауылында орналасқан Қазақстан қорғаныс министрлігінің №28349 әскери бөлімінде оқ-дәрі қоймасы (инженерлік-саперлік бригада) өртенгені туралы хабарлама түскен.

250 халқы бар Қайнар ауылы бір шақырымнан аз аумақта орналасқан. Халықты эвакуациялау басталды.

Ресми ақпаратқа сәйкес, ұзындығы 41, ені 17 аумақта оқ-дәрі қоймасы жанып жатыр.

Екі үлкен жарылыс болғаны және облыстық төтенше жағдай департаментінің бір қызметкері зардап шеккені туралы ақпарат шықты. Оның жеке басы анықталып жатыр.

"Оқиға орнына баратын барлық жол, соның ішінде теміржол жабылды. Ақпарат алу, сондай-ақ оқиға орнын көзбен шолып қарау жарылыс пен өртке байланысты қиындап отыр ", - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Жарылыс болған жерге жақын маңдағы Базарбай, Үшбұлақ, Жаңатұрмыс ауылдарының тұрғындары эвакуацияланып жатыр.

Қоғамдық тәртіпті сақтау және тонауды болдырмау мақсатында эвакуацияланған елді мекендерді патрульдеу ұйымдастырылды.

Байзақ ауданында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған жедел штаб құрылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінде өрт шығып, жарылыс болды. Аталмыш бөлім Тараз қаласынан шамамен 18 шақырым қашықтықта орналасқан. 

Жаңалықтар
0