Қоғам

Жамбыл облысындағы трагедия: Тоқаев Жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2021
Жазылу
Президент қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсеткенін атап өтті

НҰР -СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы трагедияға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

"Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын", - деп жазды Тоқаев әлеуметтік желіде.

Ол қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсеткенін және ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Әскери бөлімдегі жарылыстан қаза тапқандар саны он үш адамға жетті 

Естеріңізге салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды. Салдарынан 13 адам қаза тапты. 

Жаңалықтар
0