АЛМАТЫ, 26 маусым – Sputnik. Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысында болған жарылыстан кейін жергілікті тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру басталғанын хабарлады.
Қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаевтың айтуынша, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
"Қоймада ұзақ қашықтыққа ұшпайтын инженерлік оқ-дәрілер сақталған. Тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында жақын маңдағы үйлерден тұрғындарды көшіру бойынша шаралар қабылданды", - деп мәлімдеді Руслан Шпекбаев.
Айта кетері, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Бұл бөлім Тараз қаласынан шамамен 18 шақырым қашықтықта орналасқан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт кезінде белгісіз заттар жарылған. Өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. Оған әскери бөлімнің шынжырлы өрт сөндіру көліктері тартылды. Оларға Жамбыл облысы төтенше жағдай департаментінің өрт сөндірушілері көмектесіп жатыр.