Оқиға

Тараз түбіндегі жарылыс: тағы бір әскери қызметші көз жұмды

© Sputnik / Тимур БатыршинБлокпост на подъезде к Таразу
Блокпост на подъезде к Таразу - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2021
Жазылу
38 жастағы Ерлан Қырғызәлиев оқ-дәрілерді сақтау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек –  Sputnik. Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрілер қоймасынан шыққан өртті сөндіру кезінде жарақат алған әскери қызметші Ерлан Қырғызәлиев қайтыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

"7 қыркүйекте Тараз қалалық ауруханасында 26 тамызда Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасында болған өртті сөндіру кезінде алған жарақаттарының салдарынан 28349 әскери бөлімінің әскери қызметшісі 1983 жылы туған капитан Ерлан Рысқұлбекұлы Қырғызәлиев қайтыс болды", - делінген хабарламада.

© Photo : Пресс-служба министерства обороны Казахстана Капитан Ерлан Қырғызәлиев
Тараз түбіндегі жарылыс: тағы бір әскери қызметші көз жұмды - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2021
Капитан Ерлан Қырғызәлиев

Ол оқ-дәрілерді сақтау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған. Қоймадағы өртті жоюға кіріскен алғашқылардың бірі болды.

Тараз түбіндегі әскери қоймадағы жарылыс

26 тамызда кешке Жамбыл облысындағы әскери бөлімдегі қоймадан өрт шықты, бір сағаттан кейін қоймада оқ-дәрілер жарыла бастады. Кем дегенде 10 жарылыс болды. Төтенше жағдай салдарынан 16 адам қаза тапты. Зардап шеккендердің саны – 90 адам, олардың көпшілігі – алғашқы жарылыстардан кейін әскери қызметкерлерге көмекке ұмтылған құтқарушылар мен өрт сөндірушілер.

"Біреу айқайлады, біреу жылады": өрт сөндіруші жарылыстың қалай басталғанын айтты

Қауіпсіздік мақсатында жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары Таразға көшірілді – барлығы 1200 адам. Осы оқиғадан кейін қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қызметінен босатылды, оның орнына Мұрат Бектанов тағайындалды. Қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. 

Жаңалықтар
0