Оқиға

Әскери бөлімдегі жарылыс: Тоқаев екі министр Жамбыл облысына ұшып кеткенін хабарлады

© Photo : Сайт АкордыКасым-Жомарт Токаев принял участие в казахско-корейском круглом столе
Касым-Жомарт Токаев принял участие в казахско-корейском круглом столе - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2021
Жазылу
Қылмыстық іс қозғалды, теміржол қатынасы уақытша тоқтатылды, деп атап өтті президент

НҰР -СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Қорғаныс, төтенше жағдайлар министрлері, ішкі істер министрінің орынбасары Жамбыл облысына ұшып кетті. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды.

"Жарылысқа жақын маңдағы ауылдардың тұрғындарын көшіру туралы шешім қабылданды. Облыстық ТЖ департаменті мен әскерилерден 30 шақты қызметкер жарақат алған", - деп хабарлады мемлекет басшысы.

Өрт салдарын жою бойынша жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. ТЖМ, ІІМ бөлімшелері жұмылдырылды. Теміржол қатынасы уақытша тоқтатылды.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында әскери бөлімде жарылыс болды 

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінде өрт шығып, 6 жарылыс болды. Аталмыш бөлім Тараз қаласынан шамамен 18 шақырым қашықтықта орналасқан. 

Жаңалықтар
0