Оқиға

Жарылыс кезінде зардап шеккендердің саны 60 адамға жетті   

© Sputnik / Владислав ВодневКарета скорой помощи на дороге столицы
Карета скорой помощи на дороге столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2021
Жазылу
Бұған дейін қорғаныс министрлігі 32 адамның медициналық көмекке жүгінгенін хабарлаған болатын

АЛМАТЫ, 26 маусым – Sputnik. Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін Тараз қаласының №1 қалалық ауруханасына түрлі жарақатпен түскен адамдардың саны 60-қа жетті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарылыс болған әскери бөлімнің 12 әскери қызметшісі медициналық көмекке жүгінген.

Осы әскери бөлімде қызмет атқарып жатқан әскери қызметшілер Жамбыл облысының әскери бөлімдеріне көшіріліп, орналастырылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris.p.taraz +21TARAZ🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.taraz)

26 тамызда кешкі жетіден асқанда Байзақ ауданы Қайнар ауылында орналасқан Қазақстан қорғаныс министрлігінің №28349 әскери бөлімінде оқ-дәрі қоймасы (инженерлік-саперлік бригада) өртенгені туралы хабарлама түскен.

Әкімдіктің хабарлауынша, 85 адам тұратын Қайнар ауылының тұрғындарын эвакуациялау басталды.

Бұған дейін қорғаныс министрлігі 32 адамның медициналық көмекке жүгінгенін, оның ішінде он адамның әскери қызметші екенін хабарлаған болатын.

Жаңалықтар
0