Өңірлер

Жамбыл облысында әскери қоймадағы жарылыстан кейінгі өрт сөндірілді

© AP Photo / Nic CouryАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2021
Жазылу
Жақын маңдағы елді мекендердің барлық тұрғыны өз үйлеріне қайта оралды

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысында оқ-дәрі жарылған жерде өрт толығымен сөнді. Бұл туралы қорғаныс министрлігі ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаевқа сілтеме жасап хабарлады.

Министрдің айтуынша, әскери қызметшілер өрт ошақтарында жұмыс істеп жатыр, тілсіз жау толығымен сөнді, тек бықсып жатқан екі қойма бар.

"Халықтың қауіпсіздігін жүз пайыз қамтаамасыз ету үшін барлық шара қабылдануда. Сақтау базасы қоршалған маңға жақын салынған бірнеше үйдің тұрғындарын қоспағанда, барлығы өз үйіне оралды", - делінген қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Тағы оқыңыз: Жарылыс кезінде адамдардың дене мүшесі жұлынып кеткенін айтқан тараздық жігіт ұсталды

Қорғаныс министрлігі әскери саперлер қоймада жұмыс істеп жатқанын атап өтті. "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының инженерлік әскерилері оқ-дәрі қоймасының аумағын тазалауға кірісті. Бөлімшелер инженерлік және брондалған машиналарды пайдалануда.

Әскери саперлер темір жол мен іргелес жатқан елді мекендер аумағында инженерлік барлау жүргізіп, тазалап шықты, деп түйіндеді қорғаныс ведомствосы.

Еске салсақ, 26 тамыз кешке Жамбыл облысы Байзақ ауданында әскери бөлімдегі қоймалардың бірінде жарылыс болды. Салдарынан 13 адам қаза тапты. Жоғалған үш адам іздестіріліп жатыр.

Жаңалықтар
0